«Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекіту туралы» 2025 жылғы 4 маусымдағы № 124-НҚ және «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 16 маусымдағы № 137-НҚ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 192-НҚ бұйрығы
1. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 124-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлерінің тарифтерінде:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.